Устемирова Рабиза Джуасбайқызы
1961 жылы 30 маусымда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Новотроицк ауылында өмірге келдім. 1968жылы Далақайнар орта мектебінің табалдырығын аттап, 1978 жылы осы аталған мектепті тәмамдадым. Осы жылы Алматы облысы Қаскелен қалашығындағы педагогикалық училищесіне түсіп, 1981 жылы балабақша тәрбиешісі мамандығын тәмамдап, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Далақайнар ауылының «Одуванчик» балабақшасына тәрбиеші болып орналастым. 1984 жылы жолдасымның жұмыс бабымен ауысуына байланысты Шу ауданы, Ақтөбе ауылында Ғабдуллин атындағы орта мектебіне орыс тілі пәні мұғалімі болып орналастым. 1987 жылы Далақайнар ауылына балабақшаға тәрбиеші болып кірдім. 1994-2015ж.ж. Далақайнар ауылындағы Т.Әшімбаев атындағы орта мектебінде орыс тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істедім. 2016 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Далақайнар ауылы «Кәусар» балабақшасына меңгеруші болып тағайындалып, бүгінгі күнге дейін жұмыс атқарып жатырмын. Отбасылымын, 5 балам бар.
1978-1981ж.ж. – Алматы облысы, Қаскелен қ. Педагогикалық училище;
1981-1984ж.ж. – Жамбыл облысы Шу ауданы Далақайнар ауылы «Одуванчик» б/б, тәрбиеші;
1984-1987ж.ж. – Шу ауданы Ақтөбе ауылы Ғабдуллин атындағы о/м, мұғалім;
1987-1994ж.ж. – Далақайнар ауылы «Одуванчик» б/б, тәрбиеші;
1994-2015ж.ж. – Далақайнар ауылы, Т.Әшімбаев атындағы о/м, орыс тілі пәні мұғалімі;
2015-2016ж.ж. – Алматы қаласы, № 10 б/б, тәрбиеші;
2016 жылдан бастап осы күнге дейін Шу ауданы «Кәусар» б/б, меңгеруші